Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы бұйрығымен «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің директоры қызметіне Ортаева Ләззат Абайқызы тағайындалды.

Ол 1998 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Әдеби қызметкер» мамандығы және 2016 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Қызылорда облыстық «Тіршілік» газетінде әдеби қызметкерден бастаған. 1999-2002 жылдары М. Шоқай атындағы Қызылорда экология университетінде қазақ тілі пәні оқытушысы;

2002-2003 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет үйінде әдіскер;

2003-2010 жылдары Қызылорда гуманитарлық заң колледжінде қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы;

2010-2016 жылдары Атырау қаласындағы №14 А.Чехов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығында оқытушы, әдіскер, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!