Алматы полиция қызметкері үш баласы бар әйелдің өзіне қол жұмсауының алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 22 қараша күні Жетісу шағын ауданында болған.

«9-қабаттан үш баламен секірген әйелдің іс-әрекетінің алдын ала себебі анықталды. Бұл отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас негізінде болған жұбайы арасында болған келіспеушілік. Өлер алдында хат жазып қалдырған, –  деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Sputnik Қазақстан тілшісіне  құқық қорғау органдарынан хабарламасына сәйкес, мұндай шешімді қабылдауына ешкімді кінәламаған.

Оның мұндай қорқынышты шешім қабылдағаны үшін нақты кінәлілер жазбада көрсетілмегенін хабарлады.

«Жалпы мағынасына сүйенсек, сынақтарға төтеп бере алмай, өмірден баз кешкен. Ешкімді кінәламайды, бірақ кінәлілер өздері кінәсін біледі деп жазылған», – делінген басылымдағы мәліметте.

Белгілі болғандай отбасы толыққанды болған, бірақ трагедия уақытында 30 жастағы отбасы басшысы үйде болмаған. Үй ішінен құлыпталған болды, сондықтан оны бұзуға тура келген.

Айта кетейік, қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсаған әйел 28 жаста. Анасымен қоса оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласы да бірге құлаған. Әйел мен екі баласы оқиға орнында қаза тапқан. Балалардың үлкені ауруханаға жетер жолда жантәсілім еткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!