Біз жарқын болашақ иесі, саналы ұрпақ ретінде зиянды әдеттерден аулақ болып, өзімізді де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, саламатты  өмір   сүруге, нашақорлықтың алдын алуға үйренуіміз керек. Жасөспірімдерге арналған көптеген іс-шаралар осы мақсатты көздейді.

      ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң  адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай,  жаны мен тәні  кіршіксіз таза, танымдық  белсенділігі, өздігінен білім алуға деген  ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруға тиіс. Олай болса, біз саламатты өмір салтын насихаттап, ХХІ ғасыр – саламатты қоғам ғасырын құруымыз керек.  

         ХХІ ғасырда  адам  баласының   басына  төнген қауіпті  эпидемия – нашақорлық дерті кең тарап барады. Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық ауруына ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.

      Нашақорлықпен ауыратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда.


Шахмадин ЖАМБЫЛБЕКҰЛЫ,

№67 орта мектептің

 8 сынып оқушысы

Арал ауданы,

Қосжар ауылы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!