Ертеде Арман атты жас жігіт өмір сүріпті. Ол ақылды, бірақ өзіне тым сенімді екен. Бір күні оған көлеңкелі бейтаныс жолығып,
— Мұны байқап көрсең, өмірің жеңілдейді, уайым жоғалады, — деп бір зат ұсынады.
Арман алғашында қорықса да, «бір рет қана» деп ойлап, келіседі. Алғашында шынында бәрі жақсы көрініпті: көңілі көтеріліп, өзін күшті сезінеді. Бірақ уақыт өте келе Арманның әлемі өзгере бастайды. Ол достарынан алыстап, бұрын жақсы көрген істеріне қызықпай қалады. Күндер қараңғы, ойы тұманды болыпты.
Бір күні Арман айнаға қарап, өз бейнесін танымай қалады. Сол сәтте оның ішінде бір үн оянып:
— Бұл сенің шын өмірің емес, — дейді.
Арман ауыр күрес арқылы сол жолдан бас тартады. Жол қиын, бірақ әр қадам сайын ол өз өмірін қайта тапқандай болады. Күн қайта жарқырап, ойы тазарып, жүрегі жеңілдейді.
Сол күннен бастап Арман басқаларға:
— Мен қателестім, бірақ түсіндім. Есірткі — тұман, ал өмір — жарық, — деп айтып жүреді екен.
Қателікті түсіну — ең үлкен жеңіс.
Жансая Ибрагим, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің ББ-Б-24 оқу тобының 2 курс студенті
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
