«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Үндеу
Әрбір адамның өмірі баға жетпес, ал оның саулығы – ең үлкен қазына. Достар, өмірде «иә» немесе «жоқ» деп таңдау жасар сәті түседі. Сондай кезде асығыс, ойланбай шешім қабылдауға болмайды. Әсіресе зиянды затты ұсынғанда. «Жоқ!» деп айтуымыз керек.
Мен нашақорлыққа қарсымын! Себебі денсаулығымды зиянды заттармен улағым келмейді. Есірткі барлық адамдарды жоқ етеді. Ал өзіңізді жоғалтсаңыз қайта аяққа тұру қиын. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да, жарқын өмір сүруі қажет. Есірткі – рухани дамуға кедергі. Менің айтарым өмірде жақсылық көп болатынына сен, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен!
Есірткіге жоқ деп айт. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің өз қолыңда. Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістермен ауыртпалықтардан қорықпау. Жақсыға жақын жүріп, жанымызды жадырата білсек, біз үшін төнген қауіп жоқ, бойды басар дертте жоқ.Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық. Сіздің өміріңіздегі ең жақын досыңыз денсаулық пен спорт болсын, жас дос!
#есірткігеқарсыбайқауы
Абдулазиз ЕСЕНГЕЛДІ,
№102 мектебінің 9-сынып оқушысы
Қазалы ауданы, Бірлік ауылы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!