Үндеу
Біз жастар, ХХІ ғасырдың өскелең ұрпағы, есірткімен күресу жолын қолдай отырып, өскелең ұрпаққа, жастарға есірткіге қарсы үндеу жариялаймыз.
Біз, болашағы жарқын, келешегі кемел, зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Елімізді гүлдендіру, оны көркейту мына біздің қолымызда. Сол себептен де еліміздің жас ұрпақтары зиянды заттардан аулақ болса демекпіз. Шылым шегу, есірткі пайдалану, біріншіден, денсаулығымызды құртады. Екіншіден, армандарымызды өлтіреді.
«Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста», – демекші, есірткіге әуес адам алдымен өзін, содан соң қоғамды өлтіреді. Өмірге – «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айтып, қылмыстың алдын алуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын! Бойыңыздағы бар қабілеттеріңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз.Зиянды әдеттерден,ішімдіктен, шылымнан,есірткіден аулақ болыңыз.
Есірткісіз күліп-ойнап, өмір сүру ғажайып!
Бақтияр Қазыбайұлы,
Арал қаласы, №220 орта мектебіның 6 сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!