Құрметті замандастар және жас буын!
Бүгін біз болашағымызға ең үлкен қауіп төндіретін мәселе – есірткі туралы айтуымыз керек. Есірткі – адамның өмірін үнсіз жойып, денсаулығын, арманын, отбасын құрдымға кетіретін қатер. Бір сәттік қызығушылық арты орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
11-сынып оқушысы ретінде айтарым: біздің болашағымыз таза ойда, дұрыс таңдауда. «Бір реттен ештеңе болмайды» деген ой – ең қауіпті қателік. Дәл сол бір рет бүкіл тағдырды өзгертуі мүмкін.
Біз – жаңа Қазақстанның жастары. Ел ертеңі бізге байланысты. Сол себепті зиянды әдеттерден аулақ болып, өмірімізге жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Есірткіге қарсы күрес – әр жасөспірімнің өзіне, досына және қоғамына деген жауапкершілігі. Егер досыңды ойласаң – оны қауіптен сақта. Егер өзіңді ойласаң – дұрыс шешім қабылда.
Есірткіге «жоқ» деу – батылдық. Өмір бір-ақ рет беріледі, оны жарқын ету өз қолымызда.
Есірткісіз өмірді таңдайық!
Қорған Нұрай Төлегенқызы №288 орта мектеп 11 “а” сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!