Достар!
Замандастар!
Маған ғажайып өмірді немесе есірткіні таңда десе мен еш ойланбастан өмірді таңдар едім. Есірткінің ғасыр дерті екенін ес білгелі естіп келеміз. Оның адам денсаулығына, қоғамға деген қаупі жоғары. Әсіресе қазір синтетикалық есірткінің түр-түрі кеңінен тарап жатыр. Оны химиялық қоспалармен жасайды. Ол адамды ақыл есінен айырып, кейін өлімге дейін алып келеді. Түнімен ұйықтамай әлеуметтік желіде отыру да зиян. Себебі Telegram, Darknet және т.б. әлеуметтік желілерде қылмыскерлер есірткі таратушыларды іздейді. Өздері көрінбей-ақ, жастарды затты «бір жерден бір жерге апаршы, көп ақша төлеймін» деп алдайды. Оңай табыс қайда бар деп ерігіп жүрмеңдер.
Менің ойымша жат қылыққа жалқау адам ұрынады. Еңбекқор адамның шалыс басуға да уақыты жоқ. Сондықтан әр күніңді, әр сағатыңды жоспарла.
Достар!
Еңбекқорлық адамды табысқа, бақытқа апарады.
Оңай олжа ешкімді ешқашан оңдырмайды. Әр қадамыңды аңдап бас! «Ақырын жүр анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп бекер айтпаған. Сақтық сенің қорғаның. Есірткіден аулақ бол! Саған сенемін! Өмірге – «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!
Мұратбек Агельдаев, №85 орта мектеп 10 «Ә» сынып оқушысы, Төретам кенті, Қармақшы ауданы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!