Жас достар!
Маған өмір қатты ұнайды. Себебі күн сайын ата-анам мнні қолдап отыр. Бауырларыммен бірге ойнаймын. Достарыммен серуендеймін. Ұстаздар күн сайын жаңа білім үйретуде. Тарихты танып, есеп шығарып, сурет салып әр уақытымды ерекше өткізудемін. Би және шахмат үйірмелеріне қатысамын. Жат қылықтардан аулақпын. Біздің ұстазымыз әр сабақ сайын әлемдегі қызықты әрі ғажайып дүниелермен таныстырады. Әлемнің жеті кереметімен таныстық. Ең ұзын өзен, ең биік тау шыңын да білеміз. Өмір, әлем ғажайыпқа толы. Мен өмірді ештемеге айырбастамас едім.

Достарым!
Сендерді де өмірге – «иә» деп айтуға шақырамын. Біз ауладағы балалармен бірігіп түрлі спорттық ойындар ойнап жарысамыз. Таңғы жаттығуды да бірге жасаймыз. Ауладағы ағаштар мен гүлзарларды суғарамыз. Ойын алаңындағы кішкентайларға қамқор боламыз. Үлкендерге бірге көмек көрсетіп, батасын аламыз. Жақсы іске ұмтылыңдар! Жаман әдеттерге жол бермеңдер. Есірткі, нашақорлық адамзаттың басты жауы. Ғасырлар бойы ілесіп келеді. Сенде білімді, салауатты өмірді таңдап есірткіге күресте өз үлесіңді қос.
Есірткіден аулақ бол!

Ханшайым Сәбитова,
№41 М.Шоқай атындағы орта мектептің
5-сынып оқушысы,
Сұлутөбе ауылы,
Шиелі ауданы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!