«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

ҮндеуҮндеу

Қадірлі жас достар!

Есірткі – есті алатын қасірет. Ол нашақордың жеке басын ғана емес, қоғамды да шарпып, қайғы-қасірет әкеледі. Есірткіге тәуелді адам денсаулығынан айырылып, шарасыз күйге түсітінін уақыт дәлелдеуде. Түрлі заңсыз әрекеттің белең алуы, түп-тамыры осы ғасыр қасіретінен туындап жатқаны түсінікті. Сол үшін жастарға үндеу жолдап, зиян әрекеттен аулақ болуға шақырамын.

Әрқашан есірткіге «жоқ!» деп айтуды мақсат тұтып, қылмыстың алдын алуға үлес қосуымыз шарт. Қасіреттің алдын алып, жақындарымыз мен жолдастарды қауіптен құтқару мүмкіндігі барын ұмытпайық. Сонда ғана әлем өзгеріп, мейірім шуағы шартарапқа тарайтыны сөзсіз.

Үндеуді пайдаланып, қадірлі жас достарды спортпен шұғылдануға шақырып, есірткісіз болашақты бірге қалыптастыруға үндеймін. Жарқын болашақ, достармен сыйлы қатынас, қоғам абыройын ойласақ, мұндай дағдының берері мол. Бұл арманға қол жеткізу үшін жас кезден жағымсыз әдет пен зиян затқа жоламауымыз керек. Мемлекеттің дамуы мен қоғам жүгін арқалау – ортақ міндет.

#есірткігеқарсыбайқауы

Ақдинара Сабитова,

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы

М.Шоқай атындағы №41 орта мектебінің 8 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!