Құрметті достар!

Мен, барша жастарды өмірдің қадірін түсінуге және есірткіге қарсы тұруға шақырамын. Өмір — бізге бір-ақ рет берілетін ең қымбат сый. Оның әр сәті қуаныш пен армандарға толы болуы тиіс. Бірақ өкінішке қарай, кейбір жастар өз болашағын улайтын, өмірін бұзатын есірткіге әуестеніп кетеді.

Есірткі — бұл тек зиянды әдет емес, ол адамның денсаулығын, жанын және арманын жойыпжіберетін қауіпті жол. Біз, жас ұрпақ, еліміздің болашағымыз. Сондықтан өз өмірімізге, отбасымызға және халқымызға жауапты болуымызкерек.

Кел, достым, өмірдің жарық жолын біргетаңдайық! Спортпен айналысайық, білімгеұмтылайық, жақсылық жасауға асығайық! Өмірге — «Иә!», ал есірткіге — «Жоқ!» деп айтайық! Біздің таңдауымыз — жарқын болашақ!

Бердібек Ардақ,
Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің
10 «В» сынып оқушысы,
Қызылорда қаласы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!