Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінен Жалағаш аудандық сотының 26.12.2019 жылғы үкімімен 300 бап, 2 бөлігі, 1 – 3 тармақтарымен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген азамат жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне, яғни бас бостандығын шектеу жазасына ҚР ҚК – нің 73 бабы, 1 бөлігіне сәйкес ауыстырылд
Сотталған азамат Қызылорда қаласының тұрғыны екенін және туған – туыстарымен туыстық байланысы уақытша үзілгендіктен босатылғаннан кейін белгілі тұрағы жоқтығына байланысты өз өтініші негізінде Қызылорда қалалық Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа орналасатынын жеткізді. Осыған байланысты №60 мекеме қызметкерлері босатылушыны аталған орталыққа ҚР Қылмыстық – атқару кодексінің 27 тарау, 166 бабының 3 тармағына сәйкес сотталған адам таңдаған тұрғылықты жері бойынша және әлеуметтік көмекке мұқтаж ретінде босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімдеу орталығына орналасуына ықпал жасалды.
Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!