Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінен Жалағаш аудандық сотының 26.12.2019 жылғы үкімімен 300 бап, 2 бөлігі, 1 – 3 тармақтарымен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген азамат жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне, яғни бас бостандығын шектеу жазасына ҚР ҚК – нің 73 бабы, 1 бөлігіне сәйкес ауыстырылды. Сотталған азамат Қызылорда қаласының тұрғыны екенін және туған – туыстарымен туыстық байланысы уақытша үзілгендіктен босатылғаннан кейін белгілі тұрағы жоқтығына байланысты өз өтініші негізінде Қызылорда қалалық Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа орналасатынын жеткізді. Осыған байланысты №60 мекеме қызметкерлері босатылушыны аталған орталыққа ҚР Қылмыстық – атқару кодексінің 27 тарау, 166 бабының 3 тармағына сәйкес сотталған адам таңдаған тұрғылықты жері бойынша және әлеуметтік көмекке мұқтаж ретінде босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімдеу орталығына орналасуына ықпал жасалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!