Облыста ертеңнен бастап «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық науқан басталады. Акция 10-шы желтоқсанға дейін жалғасады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде аймақта «Қамқорлық» дағдарыс орталығы жұмыс істеуде. Орталықта зорлық-зомбылық көрген жандарға 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Яғни, тұрмыстық, құқықтық, экономикалық, медициналық, еңбек, мәдени, психологиялық, педагогикалық.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық әлеуметтік мәселеге айналып келеді. Оларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында барлық жағдай жасалған. Қазір төсек орнын санын 60-қа жеткіздік. Жыл басынан бері 300-ге адамға түрлі көмек көрсеттік. Оның 209-ы балалар, – деді «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!