Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің өндірістік аймағында, жоспарға сәйкес «Мекемеде кенеттен өрт шыққан жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-қимылдары» тақырыбында оқу-жаттығу өтті. Өрт қаупі төнген жағдай ең бірінші әрекет 101 нөміріне қоңырау шалу және өрт сөндіруге арналған алғашқы көмек көрсету құралдарын қолдану. Адамдар болған жағдайда өрт ошағынан оқшаулау.

Дайындықты пысықтаудың мақсаты: Мекеме қызметкерлерінің өрт шыққан жағдайда тез шешім қабылдауы, сотталғандар арасында өрт қауіпсіздігін34 сақталуы, дер кезінде алғашқы іс-әрекетке көшуі, шапшан қимылдап жалынның өршуіне жол бермеу, техникалық қауіпсіздікті қадағалауы, төтенше жағдайда құзырлы органга жылдам хабар беруі, тілсіз жаудан сақтану.

Оқу-жаттығуға Қызылорда қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметі №6 бөлімінен 6 қызметкер мен 1өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ №3 емханаға қарасты медициалық бөлімнен 1 медицина маманы қатысты. Алдын-ала, жоғары дайындықпен өткен оқу-жаттығуда 1 сотталған азамат өрт аумағынан оқшауландырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Төлеп Рәпіш
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!