Облыс бойынша жыл басынан бері 361 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 7 адам қаза тауып, 11 адам түрлі дене жарақатын алған. Ал жылу беру маусымы басталғалы облыс көлеміндегі тұрғын секторларда 31 өрт оқиғасы орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейген.

Қолда бар мәліметке көз жүгіртсек, жалпы 31 өрттің 14-і тұрғын үйде орын алса, қалған 17-і өрт тұрғын үй ауласында орналасқан құрылыстарда, яғни монша, сарай және қорада орын алған. Өрт оқиғасынан 2 адам қаза тапқан, оның 1-еуі бала.

Жалпы, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен жыл сайын жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығы, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша іс-шаралар атқарылады. Биыл да жұмыс өз жалғасын табуда. Яғни түсіндірме жұмыстары өрттің алдын-алу мақсатында сеп болмақ. Десек те өрт оқуғасы өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбейген. Бір айта кетерлігі, жарақат алғандардар мен көмірқышқыл газынан уланғандар тіркелген жоқ.

Өрттің басым бөлігі тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан, яғни ашық отты пайдалану, ақауы бар электр бұйымдын қолдану және балаларды қараусым қалдыру салдарынан орын алуда. Мамандар осы жағдайдан сақ болуға кеңес береді. Сондай-ақ, қуаттағышты түнімен пайдалануға негіз жоқ екенін алға тартады.

Кеше Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шаралары туралы кеңінен түсіндіру мақсатында рейд ұйымдастырды. Бұл жолы рейд жұмысы Сабалақ саяжайында өтті. Сабалақта орналасқан тұрығын үйлер 100 пайыз табиғи газбен қамталмаған. Сондықтан да тиісті мамандар тұрғындармен кездесіп, мән-жайды түсіндірді. Аталған іс-шара тұрақты түрде жалғасатын болады.

Қарапайым ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениеті тосыннан болатын көптеген өрттен аман сақтайды. Сондықтан да абай болайық. 

өрт 7.jpg
өрт 6.jpg
өрт 5.jpg
өрт 4.jpg
өрт 3.jpg
өрт 1.jpg

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!