Жыл сайын тұрғын үйлер мен пәтерлерде тұрғындардың салғырттығы мен электр жүйелерінің ақаулықтарының себептерінен тұрмыстық өрт оқиғалары арта түседі. Осыған орай өрттерде адамдардың өлімі мен жарақаттануын қысқарту жөніндегі іс-шаралар жүргізу нұсқауын басшылыққа алып Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің барлық азаматтық қорғау қызметкерлерімен жеке құрамдарын жұмылдырып, адам өмірі мен денсаулығын,меншікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау мақсатында жыл басынан бері облыс бойынша әр аптаның сенбі күндері «өрт қауіпсіз күні» болып жарияланып, өрттердің себептерін талдау негізінде,облыс бойынша елді мекендердің 14272 тұрғын үйлері араланып, 68185 тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші төмендегі шараларды ескере отырып оқыс оқиғалардан алшақ болуларыңызды сұраймын:
– жылыту маусымы басталар және аяқталар алдында жылыту пештерді жөндеуден өткізіп,мұржаларды күл қоқыстан тазалап тұрыныз;
– қатты отын пайдаланатын пеш есігінің астындағы жанғыш материялдардан жасалған еденді өлшемі 50х70 см.кем болмайтын есик алды қаңылтырмен қорғаңыз;
– пештерді жағуды үйден шығар алдында кемінде 2 сағат бұрын тоқтатыңыз;
– қолдан жасалған қыздырғыш электр аспаптарын,қуаттың артып кетуін және қысқа тұйықталуды болдырмау үшін калибрленбеген ерігіш ендірмелерді және басқада қолдан жасалған аппараттарды қолданбаңыз;
– электр аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеңіз,бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттылығына әкеп соқтырады;
– Электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде қолданып, перделер мен жихаздан алшақ,жанбайтын тіреулерді орналастырыңыз;
– Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың тоқ коздерініңдұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
– Өткізгіштермен кабельдердің сымдарын жалгау, түйіндеу және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы едергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, пісіру және арнайы қысқыштардың көмегімен жүргізілуі қажет;
– Өрт болған жағдайда «101», немесе құтқару қызметінің телефоны «112» номерлеріне телефон соғыңыз.
Нариман АЙДАРБЕКОВ Қызылорда қаласы ТЖБ №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!