Фото: polisia.kz

39 жастағы ер адам Өскеменге арнайы барған. Тергеу деректеріне сәйкес ол қала орталығындағы жалдамалы пәтерде есірткі заттарын дайындап, оларды жасырын орындар арқылы таратпақ болған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктіні ұстау кезінде полицейлер одан ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған екі ірі орама мен дәл сондай заты бар 51 ораманы тәркіледі. Сараптама нәтижелері тәркіленген заттың жалпы салмағы 500 грамм болатын психотроптық зат екенін көрсетті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай қылмыс үшін оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!