Өскемен қаласында тағы да мектепке бомба қойылғаны хабар түсіп, оқушылар мен мұғалімдер эвакуациялануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 ақпанда сағат 16:10-да полицияға Өскемендегі мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті.

«Сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына келді. Қазіргі уақытта оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланып, ғимарат ішіне тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

Осы ретте, полицейлер халықты сабырлық сақтауға және енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.

Еске салсақ, 6 ақпанда Өскеменде сотқа және мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскені хабарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!