Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей күйеуін көпшілікке не себепті көрсеткісі келмейтінін ашып айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
Тележүргізушінің сөзінше, оның жұбайы көпшілік алдында жүргенді мүлдем ұнатпайды.
Жақында ол менің парақшамда отбасылық суретімізді жариялады. Бірақ, тағы да түрін жауып қойыпты. Бұл жайт маған ұнамай, фотоны өшіріп тастадым. Ол өте сымбатты ер азамат. Көз тиеді. Түрін көрсетпеуімнің себебі: жұмысы да бар, өзі де қаламайды. Оның үстіне жасы менен сәл кіші. Қысқасы, көпшілік алдында жүргенді ұнатпайды. Қызым да сондай. Әкесіне ұқсаған. Өзінің суреттерін желіде жариялағанды құптамайды. Жолдасым желіде көрінгісі келмесе де, жақындарым, туыстарым, достарымның арасында жасырынбайды. Оны бәрі таниды, – деді Айгүл Мүкей.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!