Өзбекстанда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікпен үш азамат ұсталған. Тағы біреуі іздестірілуде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жасөспірімнің зорланғаны туралы Xabar.uz сайты жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға Бұқар облысында тіркелген. Ал кәмелет жасына толмаған қызды жігіттердің ортасына жеңгесі алып барған. 

Осылайша 4 жігіт тастанды ғимаратта арам пиғылдарын іске асырған көрінеді. Жәбірленген жасөспірім кейіннен полиция тергеуінде барлық жайтты толық айтып берген. Көп ұзамай күдіктілердің үшеуі ұсталды. 

13 жастағы қыз бала отбасында түсініспеушіліктер жиі орын алатынына да тоқталған. Салдарынан ағасының әйелі оны осындай жағдайға итермелепті. 

Қазіргі таңда аталмыш жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар тағы бір күдіктіні тәртіп сақшылары іздеп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!