Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.
ҚАЖ департаментінің №60 мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары сотталғандар арасында «Ойын терапиясы» тренинг сабағын өткізді.
Тренинг мақсаты — жазасын өтеуші сотталғандар арасында психологиялық көңіл — күйді жақсарту мақсатында рөлдік ойындармен ішкі күйзелісті жеңе білу.
Тренинг барысында жазасын өтеуші сотталған азаматтар өз ойларын еркін жеткізіп, белсене қатысты. Қосымша «Мен бұл өмірде не үшін жауаптымын?» , «Өз өмірлік құндылықтарыңызды нақтылау» жаттығуы өткізілді. Сонымен қатар психологиялық қолдау көрсетілді.
Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!