«Оператор РОП» ЖШС құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды. Полиция оның неден көз жұмғанын анықтап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның денесі табылғаны туралы фактіні негізге ала отырып Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өз-өзіне қол салуға итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Қазіргі уақытта тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді ПД баспасөз қызметінен.
Руслан Шәмшиев 2021 жылы «Оператор РОП» ЖШС-нің құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!