Бүгін «ORDA SCHOOL» мектебінің балалары үшін ерекше және есте қаларлық күн болды! Оқушылар Қызылорда облысы Полиция департаментінің Кинология орталығына барды.
Мұнда балалар қызметтік иттерді қалай оқытатынын және олардың полицияға заңсыз заттарды анықтауға, жоғалған адамдарды іздеуге және тәртіпті сақтауға қалай көмектесетінін білді.
Балалар жаттығу сабақтарын қызығушылықпен тамашалады, кинологтармен сухбаттасып, ақылды және батыл төрт аяқты қорғаушыларды еркелету мүмкіндігін жіберіп алған жоқ.
Сондай-ақ оқушыларға нашақорлық мәселесі және кәмелетке толмағандардың есірткі бизнесіне тартылуы, синтетикалық есірткінің таралуы, есірткі сатушылардың және граффисттердің заңға қайшы «жұмыстарымен» танысты.
Бұл сапар мол эмоциялар әкеліп қана қоймай, полиция қызметкерлері мен олардың адал көмекшілері – қызметтік иттердің жұмысының маңыздылығы мен жауапкершілігін көрсетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!