Орал колониясының полицейлері тұтқындарға күш қолданғанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«3 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша ІІД №28 мекемесінде (ең жоғары қауіпсіздік) пайдалануға тыйым салынған заттарды алу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Тінту жұмыстары аяқталғаннан кейін сотталғандар тәркіленген заттарды қайтаруды талап ете бастады. Камералардың біріндегі тұтқындар мекеме қызметкерлері мен Ұлттық Гвардияның әскери қызметкеріне шабуыл жасаған. Оқиға орнына қосымша күштер жөнелтілді. Бағынбаған сотталғандарға қатысты физикалық күш пен арнайы құралдар қолданылды», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Олардың кейбірі тәртіптік камераға қамалды. Сотталғандардың туыстары екі тұтқынды диспетчерлік бөлменің сыртына алып шығып, соққыға жыққанын айтты. Полиция бұл жалған ақпарат екенін жеткізді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 428-бабы «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің заңды талабына бағынбау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, облыстық департаментте қызметтік тергеу тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!