17 наурызда Орал қаласында қыз тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының полиция Департаментінде осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 2001 жылы туған қыз тоғызыншы қабаттан құлаған.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі “Өзіне қол салуға жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», – деді БҚО ПД баспасөз қызметі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жедел жәрдем станциясына шақыру 13:17-де түскен. Зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін жарақаттарынан мерт болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!