Фото: «Мой Город»

13 ақпанда таңертең Орал мұз айдынына айналды. Қатты көктайғақ салдарынан автобустар желіге шыға алмады, ал таксилер тоқтамаған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Мой Город» басылымына сілтеме жасап. 

Автобус жүргізушісі мұндай жағдайда жолға шығудан бас тартқанын айтады.

«Базаға келдік, бірақ тізгінге отырудан бас тарттық. Барлық жүргізуші бір-бірімізбен байланыстамыз, сөйлесеміз. Алдымен олар біздің қауіпсіздігімізді және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін, құм сепсін, содан кейін шығамыз. Ал қазір тәуекелге бармауды ұйғардық», – дейді ер адам.

Дегенмен аялдамалардағы адам саны азаймаған, керісінше көбейе түскен. Ал такси бағасы қатты көтеріліп кеткен.

«Масқара! Аялдамада 40 минут бойы тұрмын. Неліктен коммуналдық қызметтер дайын емес?» – дейді тұрғындардың бірі.

Қалалық білім бөлімі бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын хабарлады. Мұның себебі – ауа райының қолайсыздығы. Алайда мектепке жеткен балалар мектеп қабырғасында оқиды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!