Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Орын қалмаған жағдайда пойызға билет сатып алуға көмектесетін «Күту парағы» қызметі бар, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Күту парағы» қызметін қалай қолдану керек?
- Bilet.railways.kz сайтына тіркеліңіз және жеке кабинетке кіріңіз.
- Егер қажетті маршрутқа билет болмаса, «Күту парағына тұру» операциясын таңдаңыз, ол беттің соңында орналасқан.
- Қажетті маршрут пен пойыз нөмірін, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін және электронды пошта мекенжайын көрсету арқылы «күту парағына» өтінімді толтырыңыз.
- Бос орын пайда болған жағдайда сіздің жеке кабинетіңізге хабарлама және билетті сатып алу қажеттілігі туралы SMS-хабар түседі.
Кезек автоматты түрде қалыптасады
Компания бұл кезекке сырттан бөгде адам араласа алмайтынын айтты.
«Кезек адамның араласуынсыз қалыптасады, яғни сырттан өзгерту мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ жүйеде билеттерді сату тетіктері қайта қаралды, сондықтан билеттер еркін сатылымға шыққан кезде ортадан басқа біреу кіріп, орындарды ала алмайды. Егер кассир 30 секунд ішінде 5-тен астам сұраныс жасаса, билеттерді сату жүйесі бұғатталады. Үш бірдей сұраудан кейін бағдарлама кассирге бір типті сұрауларды жіберуді тоқтатпаса, 5 минутқа құлыпталуы мүмкін екенін ескертеді», – деп хабарлады баспасөз қызметі Tengri Travel-ге.
Сондай-ақ жолаушы бұл қызметті «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасына тікелей жүгіну арқылы пайдалана алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!