Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде Әйтеке би кенттік мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен «Отанды сүю – иманнан» атты қайырымдылық концерті өтті.
Кеш ұйымдастырушысы Сүлейменов Нұрлыбек Байқараұлына ауыл тұрғындары алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Қайырымдылық – халқымыздың қанына сіңген игі қасиет. Оны жоғалтып алмау – біздің басты борышымыз. Осы тұрғыда ауылымыздың ардақты азаматы Нұрлыбек Байқараұлының бастамасымен керемет кеш ұйымдастырылды. Концерт өте жоғары деңгейде өтті. Сонымен бірге осы қайырымдылық концерттен түскен қаражатты ауылымызда жақын арада ашылғалы тұрған жаңа мешіттің есепшотына аударды. Жалпы Нұрекеңе, сонымен қатар үзеңгілес әріптестеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Алла разы болсын бәріне! Қос тойың қабат болсын демекші, осы тойда Сүлейменов Нұрлыбек бауырымыз немерелі болды деген ақжолтай хабар келді. «Баталы құл арымас» демекші, тек қана абырой биігінен көріне беруіне тілектеспіз! – дейді ауыл тұрғыны Әділбек Әуезхан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!