Тамыздың шуақты күндерінің бірінде кеше ғана мектеп табалдырығын бітіріп, Түркия Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғарғы әскери оқу орындарының 1-курсына қабылданған Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясының 70-ге жуық курсанты Отан алдында әскери ант қабылдады. Аталған мемлекетте білім алушы курсанттар Халықаралық келісіммен Қазақстан атынан білім алып, оқуын ойдағыдай аяқтап, офицер атанған соң еліміздің әр аймағында қызмет ететін болады.
Ант қабылдау рәсімі Академияның көрікті орындарының бірі «шекаралық бақылау кафедрасы» аумағында өткізілді. Оған Академия басшылығы мен курсанттардың ата-аналары, туған-туыстары қатысты.

Қару асынып, кеудесін тік ұстаған курсанттар оқуға қабалданған аз күннің ішінде саптық жүрісті үйреніп алған. Бұл жас Отан қорғаушылардың рухының асқақ екені және подполковник А. Мұратхан жетекшілік еткен білікті офицерлердің ерен еңбегі екені анық. Сонымен қатар, Отан алдында адал болуға серт берген түлектер әскери ант мәтінін қолына ұстаған көк папкаға қарамастан жатқа оқыды.

Салтанатты рәсімде Шекара академиясы бастығының бірінші орынбасары полковник А.Исмаиловәскери ант – әскери қызметке алынған азаматтың салтанатты түрде қабылдайтын анты, оны қабылдау ежелгі замандардан сақталған әскери дәстүр екенін жеткізді. Оның қазіргі заманғы мағынасы мен рәсімдері мемлекет Қарулы Күштерінің түпкі мақсат-мүддесін халық пен әскердің тарихи және ұлттық дәстүрлерінің сипатын көрсететіндігін сөз етті. Одан әрі сөзін жалғаған офицер курсанттарды бүгінгі тарихи есте қалар маңызды күнімен шын-жүректен құттықтап олардың алдағы оқуына сәттілік тіледі.

Ал ата-аналар атынан сөз алғанИгильманова Актоты Нурбергеновна жиналған көпшілікті айтулы күннің қуанышымен шын жүректен құттықтап, «мықты денсаулық, оқуда озат болып таңдаған жолға адал болуға шақырды».
Шара соңында сарбаздар әскери бөлімнің жауынгерлік туын шығарып салу рәсімінің куәсі болып, өздері саптық алаңында салтанатты сап түзеп өтті.Қуанышты көңіл-күймен естелікке суретке түсті.
Иә, ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-байтақ жерімізді бабаларымыз ақ білектің күшімен қорғап, келешекке табыстап кетті. Аманат жүгі қашан да ауыр келеді. Болашағына нық қадам басқан курсанттарға артылар аманат пен сенім мол. Осы орайда, жауынгерлеріміз сенім үддесінен шығып кең байтақ жерімізді қорғауда аянбай еңбек етеді деп білеміз.
Айдос Курамысов, лейтенант, ҚР ҰҚК Шекара академиясы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!