SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Отбасы банк өз сервистерінің жұмысында уақытша техникалық ақаулар тіркелгенін мәлімдеді. Қаржы ұйымының хабарлауынша, жоспарлы техникалық жұмыстар күтілгеннен ұзаққа созылған.
Осыған байланысты қазіргі уақытта банктің бөлімшелерінде операциялар жүргізу мүмкін емес. Сондай-ақ «Баспана маркет» платформасы, мобильді қосымша және байланыс орталығы уақытша істемей тұр.
Банкте мамандар барлық жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті. Қаржы ұйымы қызметтері толық көлемде мүмкіндігінше қысқа мерзімде қайта қолжетімді болатынын жеткізді.
Отбасы банк клиенттерден келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жағдайға түсіністікпен қарауды өтінді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
