Фото: Halyq Uni

ДДҰ денсаулық және психикалық әл-ауқат жөніндегі зерттеулерге сәйкес, гаджетті пайдаланатын 2018 жылмен салыстырғанда 20% өскен. Осыған орай Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы гаджеттердің денсаулыққа әсері мен оны қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Зерттеулер жасөспірімдер күніне екі немесе одан да көп сағатты әлеуметтік желілерде (56,5 %) сөйлесуге және Интернеттен ақпарат іздеуге (30,5%) жұмсайтынын көрсеткен.

Дәрігерлер цифрлық құрылғыларды ұзақ уақыт пайдалану балалардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін, мысалы, семіздік, көру проблемалары, ұйқының бұзылуы және психикалық жағдайдың нашарлауы, соның ішінде мазасыздық пен депрессия деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Зерттеуіне сәйкес, 11-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында семіздікті қоса алғанда, артық дене салмағы әрбір алтыншы жасөспірімде, ал семіздік жиырмасыншы жасөспірімде анықталды.

Цифрландыруға байланысты тәуекелдерді азайту үшін ата-аналар мен тәрбиешілер балалардың экрандарда өткізетін уақытына шектеулер қойып, оларға технологияны қауіпсіз және өнімді пайдалануды үйретіп, олардың онлайн әрекеттерін үнемі талқылап, виртуалды және нақты әлем арасындағы салауатты тепе-теңдікті табуға көмектесуі керек. Осыған орай ДДҰ ата-аналарға балалардың экрандарда күніне екі сағаттан аспайтын уақытына шектеу қоюды ұсынады.

Гаджеттерді тамақтану кезінде және ұйықтар алдында пайдалануға тыйым салу сияқты отбасылық пайдалану ережелерін енгізу маңызды. Экрандарда өткізген уақыттың орнын толтыру үшін балаларды ашық ауада белсенді ойындар мен іс-шараларға қатысуға шақырыңыз. Сыртта отбасылық уақытты өткізу және бірге спортпен шұғылдану тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Гаджеттерді пайдалану үшін нақты орындар мен уақыттарды анықтаңыз, оларды тек белгілі бір бөлмеде және белгіленген уақытта пайдалануға мүмкіндік беріңіз, делінген ұсыныста.

Мамандар бұл құрылғыларды кездейсоқ және шамадан тыс пайдаланудан аулақ болуға көмектеседі деп есептейді. Сонымен қатар балаларды мазмұнды тұтыну кезінде өзін-өзі бақылау және сыни ойлау дағдыларын дамыта отырып, технологияны қауіпсіз және өнімді пайдалануға үйретуге кеңес береді.

Олармен олардың онлайн әрекеттерін үнемі талқылаңыз, виртуалды және нақты әлем арасындағы салауатты тепе-теңдікті табуға көмектесіңіз. Экран уақытын бақылау және шектеу үшін құрылғылардағы қолданбалар мен мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Қазіргі заманғы гаджеттерде көбінесе экрандарда өткізілетін уақытты басқаруға көмектесетін кіріктірілген басқару функциялары болады. Балалармен гаджеттерді қалай қолданатыны туралы үнемі ашық қарым-қатынаста болыңыз, олардың қызметіне қызығушылық танытыңыз және оларға мүмкін болатын мәселелерді шешуге көмектесіңіз, деді орталықта.

Бұған қоса, балалардың жас ерекшелігіне қарай смартфонды пайдалану уақытын шектеуге ұсынды. Мәселен, мектепке дейін және 1 сынып оқушысының гаджетті пайдалану уақыт 15 минуттан аспауы керек. 2-3 сыныптарда-20 минут, 4-5 сыныптарда-25 минут, 6-8 сыныптарда-25 минут, ал  9-11 (12) сыныптарда – 30 минуттан аспауға тиіс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!