Ақмола облысының Біржан сал ауданында жайылымдық және егістік жерлердің тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Осыған байланысты 2025 жылдан бастап Біржан сал ауданының прокуратурасы «Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару» жобасын іске асырып жатыр.
Қадағалау іс-шаралары барысында жер учаскелерін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбай, Жер кодексінің талаптарын бұзған жер пайдаланушылар анықталды.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалпы кадастрлық құны 332,5 миллион теңгені құрайтын 23,3 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жергілікті атқарушы органдарға қайтарылған жерлерді адал тұрғындар мен бизнес субъектілеріне беру ұсынылды.
Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды ерікті түрде қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!