Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов мемлекеттік қызметте жүріп қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Дина Төлепбергеннің Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
«Менің жалақым 700 мың теңге. Өз көлігіммен жүрмін. Қызметтік көлікті керек кезінде хабарласып шақыртамыз. Қызметтік пәтер береді мемлекет. Бірақ мен досымның пәтерінде тұрып жатырмын. Қазір 3 бөлмелі пәтер сатып алдым. Қызметтік пәтерлерді кезекпен алу керек. Оны аламын деген әріптестер көп. Жағдайым жетіп тұрғандықтан алмаймын деп шештім», – деді Тұрлыханов.
Сондай-ақ ол депутаттар арасында жағдайы жоқтары да бар екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкім шығарып, 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салған болатын.
«Жағдайы жетпейтіндер де бар Парламентте», – деп қысқа қайырды депутат.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!