Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламентте ұсынылған партияларды қаржыландыру үшін қанша қаражат бөлінетінін айтты.

Ашық дереккөздерде билік партияларын қаржыландыруға 1 миллиард доллар жұмсалатыны туралы ақпарат тараған. Қаржы министрі бұл ақпаратқа түсініктеме берді.

«Бұл – өтірік. Біз тек Amanat партиясын ғана емес, мәжілісте отырған барлық партияларды қаржыландырамыз», деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр қаржыландыру аясында заңмен қабылданған белгілі бір есептеулер бар екенін атап өтті.

«Қаражат заңмен қабылданған есептеулердің негізінде бөлінеді. Жалпы, сома жайлы айтатын болсақ, Парламентте ұсынылған барлық партияларға шамамен 8 млрд теңге бөлінеді», деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.

Ол Парламентте үш партия бар екенін еске салды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!