фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысындағы Шаңдақсор көлінде екі балықшы мұз арасында қалып, қауіпті жағдайға тап болды. Олардың резеңке қайығы мұз кесектерінің арасында қысылып, көктемгі борпылдақ мұз жағалауға шығу мүмкіндігін шектеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға туралы хабар 112 пультіне Солнечный кентінен түскен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен балықшыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында екі азамат аман-есен құтқарылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!