Фото: vsegda-pomnim.com
Павлодар облысының Баянауыл ауданында өте қауіпті пестицидтермен химиялық өңдеу жүргізілуіне байланысты, саңырауқұлақ пен жидек теруге тыйым салынды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Биыл 31 мамыр-15 маусым аралығында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өте қауіпті пестицидтермен химиялық өңдеу жүргізіледі. Пестицид адам мен малға өте қауіпті.
Баянауыл, Ақсан, Торайғыр ауылдық округтері аймағына шекаралас Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында, Жасыбай бөлімшелері, Ұңғыма, Көшет, Тікұшақ тұрағы, Жамбақы, Кемпіртас, Айманбұлақтың 300 гектар аумағында үйірлі шегірткеге, 560 гектар жерде саяқ шегірткеге қарсы өңдеу жұмысы жүргізіледі. Химиялық өңдеу жүргізу барысында және жүргізгеннен кейін өңделген жерге 30 тәулік бойы мал бағып, шөп шауып, тасымалдауға және жеміс-жидек, саңырауқұлақ теруге болмайды, – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!