Павлодар облысында полицейлер жетер жасар қызды бір тәуліктен бері іздестіріп жатыр. Қыздың жоғалғаны жайлы арыз 17 қарашада келіп түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дабыл бойынша полицияның жеке құрамы дереу көтеріліп, баланың жоғалып кетуі туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылды. Іздеуге Vita еріктілері мен бей-жай қарамайтын азаматтар қосылды.

“Полиция сағат 16:00 шамасында 39 жастағы әйел үш баласымен демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына баруға шешім қабылдағанын анықтады. Қызы Милана сонда барудан бас тартып, үйден шығып кеткен. Ауыл тұрғындары қызды ауылдан 1,5 км қашықтықта орналасқан бөлімшеде көрген”, – делінген полиция хабарламаасында

Полиция осы факті бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.

Давыдова Милана, 2015 жылы туған, Қоянды ауылдық округінің Бесқау ауылындағы мектептің 3-сынып оқушысы. Бойы 128-130 см, дене бітімі арық , көздері қоңыр, шаштары ақшыл. Үстінде сары күрте, ашық-жасыл түсті трико, сұр түсті куртка, қара етік.

фото stan.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!