Павлодарда балаларды сырттай бақылаған ер адам қолға түсті. Оның әрекеті павлодарлықтардың ашуын туғызды деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде тараған фотодан ер адамның «біртүрлі киінгенін» әрі мектептің сыртқы қоршауынан ішке телміріп қарап тұрғанын көруге болады деп жазды Zakon.kz.
«Бүгін сағат 16:35-те бейтаныс ер адам Павлодар қаласы №43 мектептің қоршауынан балаларды бақылап тұрды. Полицияға 5 рет қоңырау шалып, хабарласа алмадық. Барлық оператор бос болмады. Ата-аналар сақ болыңыздар», – делінген жазбада.
Осы жайтқа қатысты қалалық полиция бөлімі түсінік берді.
«Сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласының ПІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері № 43 ЖОББМ жанында 1970 жылы туған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді», – делінген жазбада.
Полицейлер жасы 50-ден асқан адамның әңгіме барысында өзін дұрыс ұстамағанын айтты. Осыдан кейін олар №7 бригаданы шақырып, ер адамды ауруханаға жатқызған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!