Сурет: pixabay.com
Павлодарда екі жарым жасар қыздарына мүлде күтім көрсетпей ішімдікке салынған отбасы бақылауға алынды. Деректерге сай ата-анасы осы уақытқа дейін бүлдіршінге сыра мен шарап беріп ұйықтатып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі irbistv.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиғаны Vita ұйымының еіктілеріне қыздың көршілері жеткізген. Олар бүлдіршіннің антисанитариялық жағдайда тұратынын, отбасында барлығының ішімдік ішетінін, тіпті баланың өзі де үнемі мас күйде жүретінін айтқан.
“Бүлдіршіннің маскүнемдікпен ауыратыны біліп алдық. Ол тіпті сыра мен арзан шарап ішіп ұйықтайды. Біз оларды бірнеше күн бақылап отырдық. Кейін қызметкерлердің бірі шақырту бойынша келіп, ұрысып та кетті», – деді еріктілер.
Ювеналды полиция қызметкерлері 24 қараша күні кешке Нұрмағамбетов көшесіндегі үйге барып, баланы алып кеткен.
“Анасының ішімдік ішетіні, қызын тәрбиелемейтіні, тұрмысқа қолайлы жағдай жасамайтыны анықталды. Ювеналды полиция қызметкері анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік материал толтырды. Материал сотқа жіберілді”, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Полицейлер отбасының тіркеуде тұрғанын, ал анасының мінез-құлқын кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия тексеретінін айтты. Айтпақшы, денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыз облыстық балалар ауруханасына тексеруге жіберілген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!