Павлодар қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 200 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Оған қатысты әкімдіктің қаулысы жарияланды, деп жазды Aikyn.kz.

«Ашық НҚА» порталына жарияланған құжатқа сәйкес, қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төленген ақының айырмашылығы 2 есе өседі.

«Павлодар қаласының аумағында қалалық қозғалыстағы жолаушылар мен бағажды тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттарына келесі көлемде сараланған тариф – жолаушыларды тұрақты тасымалдау электронды төлем жүйесі арқылы, интернет желісі және байланыс құрылғыларын қоса алғанда, қолма-қол ақшасыз төлем үшін 100 теңге, ал жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда 200 теңге болып белгіленсін», – делінген құжатта.

Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2 қарашаға дейін белгіленіп отыр. Ал қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!