Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап мерт болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 12 сәуірде кешке Толстой, 68 көшесінде орналасқан үйде болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Жарияланған кадрларда жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері көрінеді.
«Қоңырау сағат 18:32-де түсті. Біз оқиға орнына 3 минутта жеттік. Шақырту себебі – үш жасар баланың 9-қабаттан құлауы», – делінген жедел жәрдем станциясы хабарламасында.
Оқиға орнына келген дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!