Фото: куәгерлер/pavlodarnews.kz
Павлодарда жолдың ортасы опырылып түсті, коммуналдық апатты жою үшін екі авариялық бригада жұмылдырылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Павлодар–Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Ломов-М.Жүсіп көшелерінің қиылысында жол опырылып түсті.
«Алдын ала себеп – коллектордың жоғарғы бөлігінің құлауы. Көліктер мен адамдар зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады коммуналдық қызмет.
Барлық кәріз желілері штаттық режимде жұмыс істейді. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, опырылған жердің аумағы қоршалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!