Ішкі істер министрлігі Ақсу қаласының 26 жастағы тұрғынының өтінішімен Павлодар облысының Полиция департаменті “Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін желіде жәбірленушінің полиция қызметкерлерін өзімен бірге есірткі құралдарын сатуды жүзеге асырды деп айыптаған бейне тараған болатын. 11 қарашада жәбірленуші өзі полицияға келіп, бұрынғы таныстарының бұдан ақша бопсалап, оған тиесілі автокөлікті алып қойғанын және оны бопсалау мақсатында полиция қызметкерлеріне қатысты бейне жазуға мәжбүр еткені туралы арызбен жүгінді. Ол аталмыш таныстарының талабын орындаудан бас тартқан кезде, олар бейнені жариялап жіберген. 

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақсу қаласының жұмыссыз тұрғындары (1989, 1994, 1995 жылдары туған) ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Павлодар облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Берік Ооадлв тергеу нәтижелері бойынша әрбір қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтты.

Мәтін мен дереккөз: baq.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!