Петропавл әкімдігі мұздан мүсін жасауға 75 миллион теңге бөлді деп хабарлады turkystan.kz azattyq.org сайтына сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің ақпаратына қарағанда, конкурс аяқталған. Бір аптадан соң мердігерлер іске кіріседі. Мұз мүсіндер қаладағы бес орынға қойылады.
«Бұл сомаға бес сырғанақ, 44 мүсін және мұздан жасалатын түрлі конструкциялар мен жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі», – деді Петропавл қаласының тұрғын үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар транспорты мен автожолдар бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Қала тұрғындары әкімдіктің «мырзалығына» көңілі толмай отырғанын айтады.
«Меніңше, ақша жұмсайтын басқа мәселе жеткілікті. Мысалы, жылу жүйесіне салсын. Балаларға керек екенін түсінемін, бірақ оны көп ақша жұмсамай-ақ жасауға болар еді ғой», – деді қала тұрғыны.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!