Ауыл шаруашылығы министрі пияздың шіруіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Министр үкімет отырысынан кейінгі брифингте бұрын-соңды пияздың мұндай көлемде шіруінің болмағанын атап өтті.
“Шынында да алдыңғы жылдары пияз бағасы қымбаттап кетіп, шаруашылықтар айналыса бастады. Жалпы әлемде оның бағасы төмен түсіп кетті. Өйткені экспорт та төмендеді. Алдыңғы жылы 180 мыңды экспортқа жіберетін болсақ, биыл 117 мың ғана. Экспортымыз 70 мыңға төмендеді. Ішкі сұраныс та азайды. Сондықтан баға төмендеп кетті. Осыған қарамастан жұмыс атқарылып жатыр. Сауда және интеграция, Көлік министрліктерімен бірге жұмыс істейміз. Қазір бұл пияздың 160 мыңын сату керек. Грузия, Әзербайжанмен келісімшарт бар», – деді Айдарбек Сапаров.
Желіде пияздың жаппай шіруі, одан қалса тегін таратылып жатқан видеосы тараған болатын. Белсенділер еліміздің ауыл шаруашылық министрлігіне үндеу жолдаған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!