Бұл сұраққа жауап беру үшін сіз электронды әмияндар кеңі­нен танылған елдердің мысалында, олардың  танымалды­лы­ғының себептерін жете ұғынуыңыз керек.

Үндістан мен Кенияда адамдар электронды әмияндарға жүгінді, өйткені қаржылық сауаттылық деңгейі мен банктерге деген сенімі төмен. Адамдарға шот ашуды және банкке жүгінуді талап етпейтін электрондық әмиянды рәсімдеу оңайырақ әрі түсінікті. Арзан смартфондар мен қолжетімді интернет әмиянды пайдалану арқылы қаржылық операцияларды ыңғайлы етеді. Смартфон интернетке қолжетімділікті өзі атқаратын болғандықтан, көптеген адамдарға компьютер мүлде қажет емес.

IT-әзірлеушілер электронды әмияндардың айналасында экожүйелер құра отырып, арзан смартфонның кемшілігін, жады көлемінің аздығын айналып өтті. Демек, бәрі де адамның өз қолында, бір телефонның ішінде. Қосымшаның көмегімен тауар мен қызметке ақы төлеуге, аударым жасауға және басқа  да қаржылық мәселелерді шешуге болады. Бұл ретте карта қажет емес. QR-код бойынша немесе NFC көмегімен жанасусыз төлем әдістері тіпті дүкенде де төлем жасау үшін пластиктің болуын талап етпейді.

Пластикалық карталарға қарағанда, электрондық әмияндар жете дамыған елдің тағы бірі – Қытай. Қытай санаулы ғана жылдар ішінде  дамушы елдердің қатарынан озық елдердің қатарына дейінгі жолды жүріп өтті. Банк жүйесі экономиканың дамуына үлгере алмады, сондықтан Қытайда пластикалық карталардың жаппай таралу кезеңі болған жоқ. Адамдар бірден электронды төлем құралдарына көшті. Технологиялардың дамуы бұл үдерісті құлшындырып жіберді. Егер бәрі телефонның ішінде болса, карталар салынған әмиянды қоса алып жүрудің керегі не?

Бұл факторлар Қазақстанға бір мезгілде әсер еткен жоқ, сондықтан электрондық әмиянның дамуы нашар жүрді. Пластикалық карталарды енгізе отырып, тауашаны банктер иеленді.

Алайда еліміздегі қалаларда бұрмалануы бар карталардың кездесуі байқалып отыр. Бүкіл еліміз бойынша смартфон мен интернет қолжетімді болған жағдайда ғана ауылдық елді мекендер электрондық төлем құралдарын дамытудың драйвері бола алады.

Қазіргі уақытта электронды әмияндар нарықтың маңызды бөлігін пластикалық карталардан алады деп айтуға болмайды. Бұл толығымен алғанда, қаржылық сауаттылықты арттыру және жалпы қаржы жүйесін дамыту құралы.

Электрондық төлем құралдары 100 млн теңгені құрады. Салыстыратын болсақ: қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының көлемі 3,9 трлн теңгені құрады.

AituPay төлем жүйесінің басшысы Арслан Ибрагимов жағдайға түсініктеме берді: «Біздің елімізде көптеген адамдардың банк карталарын пайдалана алмайтынын түсіну қажет. Түрлі себептер бойынша: жабылмаған кредиттердің болуы, қаржылық инфрақұрылымның болмауы немесе банк инфрақұрылымына кіру кедергісінің жоғарылығы. Бұл – біздің онлайн-төлем жасау құралын беретін үлкен аудиториямыз».

Қазіргі уақытта банктер клиенттерге толыққанды қаржы сервисін ұсынады. Банк қосымшасы немесе жеке кабинет арқылы қызметтерге ақы төлеуге немесе аударым жасауға болады. Банк картасынан жалақы алуға, достар мен туыстардан аударымдар алуға, сондай-ақ онлайн қарыздар алуға болады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, электронды әмияндардың пайдасына пластиктен бас тартуға әзірше еш негіз жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!