Әлемде плоггинг деп аталатын жаңа фитнес-тренд тарап келеді. Ол салауатты өмір салты мен экология қамқорлығын біріктіретін ұғым. Плоггинг Швецияда пайда болды. Бұл сөз жүгіру кезінде қоқыс жинау («plog» сөзі швед тілінен «соқа» деп аударылады) дегенді білдіреді.

Арал ауданы «№ 220 орта мектебі» КММ-де «Таза Қазақстан» аясында мектеп тәлімгері Г.Тілекованың ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Plogging» жүгір және тазала акциясы ұйымдастырылды. 

Акцияның басты мақсаты спорттық шара арқылы экологиялық тазалықты қамтамасыз ету.

«Plogging»: жүгір және тазала акциясы
«Plogging»: жүгір және тазала акциясы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!