23 маусым – ҚР ІІО-ның мемлекеттік қызметкерлер үшін бірыңғай кәсіби мереке.

Яғни полиция күні. Осы тұста Қызылорда қаласының полиция басқармасы тергеу бөлімінің басшылары Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 68 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері АЕБ бастығы әділет майоры Ф.Сембаева, әділет аға сержанттары С.Төлепберген, Ә.Ахметова, Н.Менбаева және АЕБ инспекторы Ж.Аймаханды мереке қарсаңында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры М.Аблазимовтың алғыс хатымен арнайы марапаттап, гүл шоқтарын табыстады. Сонымен қатар, ізгі лебіздерін білдіріп, адал қызметтері үшін полиция департаменті бастығының атынан алғыс білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!