«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызға отырарда қандай заттарды алып жүруге болмайтынын еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан заңына сай, кейбір қауіпті заттарды пойызға алып өтуге мүлде тыйым салынған. Мұндай әрекет үшін жауапкершілік қарастырылған.

Пойызда алып жүруге тыйым салынған заттар:

* Жарылғыш заттар мен құрылғылар;
* Бензин, метанол сияқты тез тұтанатын сұйықтықтар;
* Жанғыш қатты заттар;
* Улы немесе күшті әсері бар химиялық заттар;
* Жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар;
* Атыс қаруы мен пышақ, кастет, сойыл сияқты суық қарулар;
* Оқ-дәрілер мен түрлі патрондар.

Жолаушылар пойызға мінбес бұрын арнайы тексерістен өтеді. Барлық ірі вокзалдар заманауи қауіпсіздік құрылғыларымен жабдықталған: металл іздегіштер, рентген аппараттары, бейнебақылау жүйелері жұмыс істейді. Сонымен қатар, қауіпсіздікті полиция мен күзет қызметкерлері тәулік бойы қадағалап отырады.

Пойыз ішінде де бақылау бар. Вагондарда орнатылған бейнекамералар арқылы қозғалыс үнемі тексеріледі. Бұл жазбалар тек арнайы мамандарға қолжетімді.

Жолаушылар тасымалының мәліметінше, қазіргі таңда «Тальго» пойыздарының 24 құрамында 1350 камера жұмыс істеп тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!